Үндістанда 40-там астам адамды көшкін басып қалды

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатындағы автокөлік жолында көшкін салдарынан 40-тан астам адам үйінділер астында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Indian Express газетіне сілтеме жасап.
None
None

Жергілікті билік өкілінің хабарлауынша, бірнеше көлік құралы көшкіннің астында қалған. Олардың арасында ішінде 40 жолаушысы бар автобус болған. Ол Шимлу штатының астанасына бара жатқан.

Басылымның деректері бойынша, шұғыл қызметтер қызметкерлері бес адамды құтқарған. Іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда, алайда оны жүргізу тастардың құлауынан қиынға соғып отыр.

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди орталық үкіметтің көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Елде муссондық нөсер маусымы басталды. Бұл мезгілде елде көшкін жүріп, тастар құлайды.


Соңғы жаңалықтар