Үндістанда 7 әскери қызметкерді қар көшкіні басып қалды

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстік-шығысындағы Аруначал-Прадеш штатында көшкін кезінде құрлық әскерлерінің кем дегенде жеті әскери қызметкері із-түзсіз жоғалды. Оқиға Каменг өзенінің аумағында болған. Бұл туралы дүйсенбі күні NDTV телеарнасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үндістанда 7 әскери қызметкерді қар көшкіні басып қалды

Армиядан берілген ақпарат бойынша, қарулы күштер іздестіру-құтқару операциясын бастаған. Көшкін құлаған аумаққа арнайы командалар жеткізіліп, жоғалғандар іздестіріліп жатыр.