Үндістанда 9 адамды өлтірген пілді қайта тәртіпке салмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Үндістанның Керала штатында 9 адамды өлтірген 40 жастағы пілді ұстады, деп хабарлады Daily Mirror басылымы.
None
None

Жергілікті тұрғындарға үш жыл бойы шабуылдап келген  аналық пілді Палгхат округіндегі өзен маңынан тапты. Орман басшысы мен 4 ветеринар үйретілген пілге мініп оның ізіне түсіп тауып, қауіпсіз жерге айдап апарды.  Оған тыныштандыратын дәрі егілді.

 «Операция 3.00-де басталды, - деді ветеринар Арун Захариа (Arun Zachariah). - бірінші дәрі 7.00-де егілді, 9.00-де пілді жүк көлігіне тиеді. Оны тәрбиелеу үшін Коданад жануарларды үйрету орталығына жеткізді.

Пілдің алғашқы құрбаны 2014 жылы өлтірілген фермер болды. 2017 жылғы наурызда ол әйелді таптап кетті, сәуірде оның шабуылдауынан ер  адам көз жұмды. Піл барлығы 9 адамды өлтіріп, екі адамды жарақаттаған.

Соңғы жаңалықтар