00:31, 23 Маусым 2016 | GMT +5
Үндістанда 93 адамға жай түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда соңғы екі тәулікте кем дегенде 93 адам найзағайдан ажал құшып, 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі ел билігіне сілтеме жасай отырып.

Бұған дейін 79 адам қаза тапқаны жөнінде хабарланған еді.
56 адам елдің солтүстік-шығысындағы Бихар штатында, 37 тұрғын - Жаркханд, Уттар-Прадеш пен Мадхья-Прадеш штаттарында көз жұмды.
Жай түсіп қаза тапқандардың көбі найзағай кезінде алаңда жұмыс істеген дихандар мен шаруалар.
Жыл сайын осы елде 2 мыңдай адам жай түсіп көз жұмады.