Үндістанда әлемдегі ең биік мүсін тұрғызылады
АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Үндістанның билігі ресми түрде әлемдегі ең биік мүсіннің құрылысы бойынша жұмыстар басталғанын мәлімдеді.
Елдің конституция авторларының бірі, үндінің халық батыры Сардар Пательге арналған ескерткіш Гуджарат штатында орнатылмақ.
Ескерткіштің ұзындығы - 182 метр, ол Нью-Йорктегі Азаттық мүсінінен екі есе ұзын болады. Оның жұмыстары 340 млн. долларға бағаланып отыр.