Үндістанда әлемдегі ең ірі алмаз биржасы ашылды

АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - Bharat Diamond Burse, әлемдегі ең ірі алмаз биржасы Үндістанның Мумбаи штатында ашылды, деп жазады Лента.ру The Hindu ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Үндістанда әлемдегі ең ірі алмаз биржасы ашылды

Биржа 80 мың шаршы метр алаңшаға орналасатын болады. Онда бір мезгілде 2,5 мың алмаз трейдері жұмыс жасайды.

Мумбаидағы биржа кешенін тұрғызу құны 250 млн. долларды құрады. Ғимарат әрқайсысы 9 қабатты 8 мұнарадан тұрады. Кешен аумағында алмаз компаниясы өкілдері трейдерлерімен бірге кейбір банкілер мен кеден бекеттері жұмыс істейтін болады.