Үндістанда әлемдегі ең үлкен храм салынады

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Үндістанның шығысындағы Вайшали округінің Бихар штатында әлемдегі ең үлкен храм салынатын болады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.
None
None

Айта кетейік, 6 гектардан астам аумақта салынатын храмның құрылысына 10 жыл кетуі мүмкін. Биіктігі 70 метр болатын мәдени құрылысқа шамамен 1 млрд-тан астам Индия рупиі, яғни 20 млн. АҚШ доллары жұмсалады.

Храм Вират-Ангкор-Ват-Рам-Мандир деп аталатын болады.

Бүгінгі күні индуизмнің ең ірі храм кешені, ежелгі дүниеде салынған ірі ғибадат құрылысы камбоджалық Ангкор-Ват храмы болып саналады. Әлемдік сәулет өнерінің бірегей ескерткішін ХІІ ғасырда Сурьяварман ІІ патша салдырған.

Соңғы жаңалықтар