Үндістанда алты адамға найзағай түсіп, көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның шығысындағы Батыс Бенгалия штатында кем дегенде алты адам найзағайдың соққысынан көз жұмды, деп хабарлайды ТАСС.
Оқиға Бирбхум округінде орын алды. Найзағай соққан сәтте бес адам тасуатқышта жұмыс істеген.
Полицияның ақпаратынша, қаза тапқан алтыншы адам - 13 жастағы қыз бала.