Үндістанда аптап ыстық құрбандарының саны 150-ден асты
АСТАНА. Қазақпарат - Үндістанда ыстық құрбандарының саны 150-ден асты, деп хабарлады РИА Новости. Бұдан бұрын 130-дан астам адамның қаза тапқаны хабарланған.
Сәуір басынан бастап Телангана штатында 100-ден астам адам қаза тапты, тағы 45-і Одиш штатында, ал Андхра Прадеште бірнеше ондаған адам көз жұмды.
Кейбір аудандарда 46 градус ыстық белгіленді.
Одиште аптап ыстық салдарынан 26 сәуірге дейін мектептер жабылды. Ал Теланганада мектеп оқушылары бір апта бұрын демалысқа шықты. Кейбір аудандарда су тапшылығы байқалады.
Үндістан метрология департаменті 31 наурызда биыл сәуір мен маусым аралығында температура нормадан жоғары болатынын ескертті.