Үндістанда аптап ыстықтан қаза тапқандардың саны 1100-ден асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда күннің қатты ысуы салдарынан қаза тапқандардың саны 1100-ден асты. Кей аудандарда ауа температурасы 50-ге жақындады.
None
None

Қаза болғандардың басым бөлігі Телангана, Андхра-Прадеш оңтүстік штаттарында орын алуда, өткен аптадан бері олардың саны 1118-ге жетті.

Елдің шығысындағы Батыс Бенгалия және Орисседе 24 адам көз жұмды.

Синоптиктер таяу күндері кей аудандарда температура төмендейді деп күтуде.

Үндістандық билік азаматтарды абай болуға, үй-жайларынан сыртқа шықпауға шақыруда, деп жазады Би-Би-Си.

Соңғы жаңалықтар