Үндістанда аптап ыстықтан көз жұмғандар саны 800-ден асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптаның басынан бері Үндістанда аптап ыстықтан ажал құшандар саны 800-ден асты, деп хабарлайды елдің денсаулық сақтау министрлігі.
None
None

Халқы тығыз орнааласқан Андра-Прадеш пен Телангана штаттарында термометр бағаны 50 градусты көрсетіп тұр. Осы штаттарда көз жұмғандар саны басым.

Жергілікті билік органдары күндізгі уақытта көшеге шықпауды және лажы болса суды көп пайдалануды ескертуде.

Көптеген қалаларда жылжымалы су беретін қосындар пайда болды. Синоптиктердің болжамына қарағанда, аптап ыстықтың осы айдың соңына дейін жалғасатын түрі бар.

Метерологтардың айтуынша, мұндай ерекше жағдайдың орын алуына жаңбырдың болмауы себеп.

Соңғы жаңалықтар