Үндістанда ауыл тұрғындары сиқырмен айналысқаны үшін әйелдің басын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның шығысындағы Ассам штатындағы ауылдардың бірінің тұрғындары қарт әйелді дуагерлікпен айналысты деп айыптап, басын шапқан, деп хабарлады жергілікті полиция.

Үндістанда ауыл тұрғындары сиқырмен айналысқаны үшін әйелдің басын алды

63 жастағы әйелге ауыл тұрғындары арасында ауру таратты деген кінә таққан.

Сонитпур ауданындағы ауыл тұрғындары сырқаттанып қалып, олардың кейбіреулері бұған Пурни Орангты айыптаған, деді жергілікті полицей Би-Би-Си агенттігіне.

"Кейін олар әйелді өлтірді", - деді ол.

Өлімге қатысы бар деген күдікпен жеті адам ұсталды. Оның ішінде екі нәзік жанды бар.

Полиция ақпаратынша, соңғы бір жарым айда Ассам штатында 90-ға жуық адамның (негізінен әйелдер) бастары шабылған, соққыға ұшырап ажал құшқан, өртенген. Жергілікті тұрғындар оларды сиқыршы және мыстандар деп есептеген.