Үндістанда автобус 30 метр биіктен құлап, 15 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Уттаракханд штатында автобус құздан құлап, 15 адам мерт болды, деп жазады «ТАСС» агенттігі.

Үндістанда автобус 30 метр биіктен құлап, 15 адам қаза тапты

Жол апаты жергілікті уақытпен сағат 13-00 шамасында болған. Көлік 30 метр биіктен құлаған.

Жол-көлік оқиғасы бойынша Үндістан әлем бойынша «көш бастап» тұр. 2011 жылы жол апатынан 140 мың, 2012 жылы, 150 мың адам қаза тапты.