Үндістанда автобус аударылып қалды: 22 адам қаза тапты

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігіндегі Уттарханд штатында болған жол-көлік апаты кезінде кем дегенде 22 адам қаза тапты, оның ішінде 13 бала мен төрт әйел бар.

Үндістанда автобус аударылып қалды: 22 адам қаза тапты

Бұл туралы Би-Би-Си хабарлады.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, 40 жолаушыны тасымалдап келе жатқан автобус жүргізушісі көлікті басқаруына ие бола алмай, нәтижесінде ол жолдан шығып кетіп, аударылып қалды. Нәтижесінде осыншама адам қаза тауып, 10-ға жуық адам түрлі жарақаттар алды.