Үндістанда автобус ішіндегі газ баллоны жарылып, 11 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігінде автобус ішіндегі газ баллоны жарылды. Салдарынан 11 адам қаза тауып, 100-ге тарта адам зардап шекті, деп хабарлады РИА Новости.

Үндістанда автобус ішіндегі газ баллоны жарылып, 11 адам ажал құшты

Оқыс жағдай Уттар-Прадеш штатындағы Буландшахар округінде орын алған. Жолаушылардың бірі тұрмыстық газбен баллон әкеле жатқан. Аяқ астынан тұтанған баллон жарылып кеткен.

Көлік адамға лық толы болған. Кейбірі тіпті оның төбесінде отырған. Зардап шеккендердің көпшілігін ауыр дәрежедегі күйік шалды.