Үндістанда автобус каналға құлап, 30 адам опат болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанның Агра қаласындағы күре жолда автобус аударылып, 30 адам қаза тапты және бірнеше адам жарақаттанды. Бұл туралы дүйсенбі күні News18 телеарнасы хабарлады.
Телеарна деректеріне қарағанда, жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан ішінде 40 жолаушы болған автобус каналға құлаған.
Қазіргі уақытта құтқару операциясы жүріп жатыр.