Үндістанда автобус құзға құлап, 24 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанның Джамму және Кашмир штатында жол апатынан 24 адам қаза тапты. Бұл туралы NDTV телеарнасы хабарлады.

Жолаушы толы автобус жолдан шығып кетіп, шатқалға құлаған.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Полиция жол апатының себептерін тексеруде.

Соңғы жаңалықтар