Үндістанда автобус құзға құлап, 8 адам қаза тапты, 11- і жарақаттанған
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында автобустың шатқалға құлап түсуі салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза тауып, он бір адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Телеарна мәліметінше, зардап шеккен барлық адамдар Чамба округіндегі ауруханаға жеткізілді. Полиция көлік апатының себептерін анықтауға кірісті.