13:59, 23 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Үндістанда автобус өзенге құлап, 27 адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні жолдан шығып кеткен автобус өзенге құлаған. Қаза тапқандардың саны кем дегенде 27 адам, деп хабарлайды ТАСС .

Бұл мәліметті ND TV арнасы полиция ақпаратына сүйене отырып таратқан.
Ақпаратқа сәйкес, жол апаты Савай-Мадхопур аймағында болған. Автобустағы жолаушылар саны - 50. ND TV сонымен қатар, жараланғандардың көп екенін айтады. Әзірге аталмыш оқиғаға байланысты нақты ақпараттар берілген жоқ. Жол апатының себептері де айтылмай отыр.