Үндістанда автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 8 адам қаза тапты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат-Үндістанның орталық штаты Мадхья-Прадеште жол-көлік оқиғасынан 50 адам жарақат алып, 8 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат АNI агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттіктің хабарлауынша, Махараштраның батыс штатынан үйлеріне қайтып келе жатқан гастарбайтерлер мінген автобус пен жүк көлігі бетпе-бет соқтығысқан.
Зардап шеккендер аруханаға жеткізілді. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда.