Үндістанда автобус жарға құлап, 11 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық Андхра-Прадеш штатында автобус жарға құлады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Оқиға салдарынан 11 адам қаза тапты, ал 35 адам түрлі жарақат алды.
Кей деректерге қарағанда, автобус жолаушыларының көбі - студенттер. Апаттың себебі белгісіз.
Атап өту керек, Үндістанда жыл сайын мыңдаған адам жол-көлік апатының құрбаны болады. Көп жағдайда оған жолдың сапасыздығы, көлікті дұрыс басқармау себеп болып жатады.