Үндістанда автобус жарқабақтан құлап, 25 адам мерт болды

МӘСКЕУ. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігіндегі таулы аудандардың бірінде жолаушылар автобусы шатқалға құлап, кемінде 25 адам қаза болды, тағы 40 адам жараланды,

Үндістанда автобус жарқабақтан құлап, 25 адам мерт болды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттіне сілтеме жасап.

Жергілікті құқық қорғау өкілдерінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Пантхал қаласы маңындағы жолдардың бірінде орын алған.

Автобус 60 метрлік биіктіктен құлап түскен. Оқиғаның жай-жапсары тексерілуде.