Үндістанда автобустың арнаға құлауы салдарынан кем дегенде 21 адам қаза тапты

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Үндістанда автобустың Хазар арнасына құлауы салдарынан кем дегенде 21 адам қаза тапқан, тағы 23 адам зардап шекті.
None
None

Бұл туралы үндістандық БАҚ-қа сілтеме жасап, РосБизнесКонсалтинг хабарлайды.

Белгілі болғандай, оқиға қараңғы кеште Уттар-Прадеш штатында орын алған. Фаррукхбада қаласынан Дели қаласына жүріп келе жатқан автобустың жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жүргізуші мас болған.

Құтқарушылар арнадан қаза болған 21 адамның денесін алып шықты. Оқиға нәтижесінде жалпы алғанда 10 ер адам, төрт әйел, соның ішінде некеге тіркелгеннен кейін Газиабад қаласына қайтып келе жатқан тұрмысқа жаңа шыққан әйел қаза тапқан. Сонымен қатар, жеті бала қаза тапты.

Тағы жергілікті тұрғындардың және полицейлердің күшімен 23 адам құтқарылды. Сонымен қатар, бірнеше жолаушы із-түссіз жоғалған болып саналады, олардың саны анықталуда, полиция іздеу жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар