Үндістанда автотұрақта қолдан жасалған бомба жарылды: үш адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның шығысындағы Манипур штатының астанасында жарылыс болды.

Үндістанда автотұрақта қолдан жасалған бомба жарылды: үш адам қаза тапты

Полиция деректеріне сүйенсек, қолдан жасалған жарылғыш зат жексенбі күні таңертең автобус аялдамасының жанындағы автотұрақта іске қосылған. Оқыс оқиға салдарынан үш жұмысшы мерт болып, бес адам ауруханаға жеткізілді.

Әзірге ө ңірде әрекет ететін топтардың бірде-бірі жарылысқа жауапкершілікті мойындарына алмай отыр.