13:41, 05 Мамыр 2011 | GMT +5
Үндістанда әйелдер саны азаюда
АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Үндістан 1947 жылы тәуелсіздік алғаннан бері әйелдер саны ер адамдарға қарағанда азайды, деп жазады ВВС Ресей қызметі.

Үкімет жария еткен деректерге сәйкес, үндістердің көбісі отбасында ер бала дүние келгенін қалайды екен. Соңғы 50 жылда дүниеге келген қыздардың саны азая берген, және бұл көрсеткіш бүгінгі күні ең төмен деңгейге жеткен.
Ал Үндістанның солтүстігіндегі . Джхаджар қаласында 1000 ұлға 774 қыздан келеді.
Тәжірибе көрсеткендей, әйелдердің әлеуметтік мәртебесін арттыруға бағытталған үкіметтік бағдарламалар тиімсіз болып шықты.