Үндістанда бір отбасының 13 адамы үйіндінің астында қалып, мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігінде Мугалсарай қаласында жаңа салынып жатқан үй құлап, 13 адам мерт болды, деп жазады Би-би-си.

Үндістанда бір отбасының 13 адамы үйіндінің астында қалып, мерт болды

Полицияның айтуына қарағанда, барлық қаза тапқан адамдар бір отбасының мүшелері екен, олар салынып жатқан үйдің бірінші қабатында түнеген. Қаза тапқандардың арасында үй иесі де бар. Үйдің құлау себебі әлі белгісіз.