Үндістанда болған су тасқынынан 8 адам мерт болды

Үндістанның Андхра-Прадеш штатында нөсер жаңбырдың салдарынан болған су тасқынынан кемінде 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды 24.kz.

Үндістанда болған су тасқынынан 8 адам мерт болды

Табиғаттың дүлей күші әсіресе Гунтур округіне соққан. Ол жерден мың адам қауіпсіз аймаққа көшірілген. Өңірдегі мектептер жабылған, сондай-ақ қоғамдық көліктің қозғалысы да тоқтаған.

Табиғат апаты орын алған аймақта төтенше жағдайлар бойынша әрекет ету қызметінің өкілдері жұмыс істеп жатыр.