Үндістанда бұрын белгісіз болған тіл табылды
АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстік-шығысында орналасқан Аруначал-Прадеш штатында болған тіл мамандарының экспедициясы сол жерден бұрын белгісіз болған тілді анықтады, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.
Коро тілі 150-ге жуық тіл кіретін тибет-бирман үндіеуропа тілдес халықтарға жатады. Бұл тілде тек шалғайдағы таулы аудандардың халқы, небәрі 1200 адам ғана сөйлейді. Бұл тілдің жазбаша түрі жоқ.
Әлем бойынша жеті мыңға жуық тіл бар. Оның жартысына дерлігі жоғалып бара жатқандар қатарына жатады екен.