Үндістанда дүниеге келген сәби Қазақстан азаматының туу туралы куәлігін алды

«10 қыркүйекте Нью-Делиде дүниеге келген Юрий мен Наталья Куликовалардың қызы Злата қаладағы госпиталдардың бірінде емделіп жатыр. Еліміздің Үндістандағы елшілігінің консулдық ақпаратына сәйкес, оған туу туралы куәлік беріліп, анасының төлқұжатына оның дүниеге келгендігі туралы ақпарат енгізілді. Сонымен қатар Нью-Делиден кедергісіз ұшу мақсатында туу куәлігі ағылшын тіліне аударылды. Қазіргі таңда баланың денсаулығы жақсы. Нәрестенің емделуіне қажетті қаражат Жамбыл облысы әкімдігінің тарапынан толық көлемде және шұғыл түрде аударылған болатын», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйек күні Үндістанда туристік сапармен жүрген Қазақстан азаматшасы Наталья Куликова салмағы 800 грамдық қыз баланы дүниеге әкелген болатын. Нью-Дели қаласындағы клиниканың дәрігерлері баланың ата-анасына егерде қызды күтуге қажетті ақша төлемесе, онда оның өмірін қамтамасыз етіп тұрған аппараты ажырататындықтарын мәлім еткен.