Үндістанда екі апта бұрын жоғалған пойыз табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан билігі екі аптадан астам уақыт бұрын жоғалған жолаушылар пойызы табылғандығын хабарлады, деп хабарлады ВВС.

Үндістанда екі апта бұрын жоғалған пойыз табылды

Бихар штатында жоғалған пойыз Горакхпур - Музаффарпур бағдары бойынша жолға шыққан. Осы сапардың басында теміржолдағы апатқа байланысты пойыздың күнделікті бағдары біршама өзгертіліп, ол негізгі теміржол тармағын айналып, сапарын жалғастырады.

Құрам соңғы рет Хаджипур стансасында көзге түскен және осыдан кейін із-түзсіз жоғалып кетеді. Атап айтқанда, ол 17 күн бойы табылмай жергілікті билікті әуреге салған. Жұма күні пойыз Бахир штатында болғандығы анықталды. Алайда ол белгіленген бағдардан алыс жерде тоқтап тұрған екен. Белгілі болғандай, сапар бағдары өзгергенін естіген жолаушылар стансалардың бірінде барлығы түсіп кеткен. Осыдан кейін машинист негізгі теміржол тармағын айналып өту бағдарын нақтылау үшін диспетчерлермен байланысқа шыға алмай отырған. Пойызбен байланыс болмағаннан кейін, құрамның жоғалғандығы туралы хабар жарияланған екен.