Үндістанда екі басты бала дүниеге келді

АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Үндістан қалаларының бірі Калькуттада медицина қызметкерлері екі баспен туған сегіз айлық балаға күрделі операция жасады.

Үндістанда екі басты бала дүниеге келді

Бұл туралы Утро.ру хабарлайды.

Ұл балаға "энцефаломенингоцеле" - туа біткен бас миының және оның қабықтарының жарығы диагнозы қойылған. Бұл 40-45 мың нәрестенің бірінде кездесетін ауру. Негізінен Оңтүстік-Шығыс Азияда кездеседі.

"Егізін" алып тастау үшін дәрігерлерге шамамен бес сағат уақыт керек болған. Операция сәтті өтіп, бала бірнеше күннен кейін үйіне қайтарылды.