Үндістанда екі оқушы қыздың өліміне қатысты тергеу амалдары жалғасуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Ассам штаты полициясы 16 жастағы екі қыздың өліміне қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ВВС.
Полиция қыздарды Бангладешпен арадағы шекара мыңында ағашта асылып қалған жерінен тапқан. Енді арнайы сараптама олардың зорлық көрген, көрмегенін анықтамақ.
Полицияның хабарлуынша, бұл жағдай мамыр айында Уаттер Прадеште болған оқиғаға ұқсас болуы мүмкін. Ол кезде де апалы-сіңілі екі қызды зорлап өлтірді деген күдікпен 3 ер адам ұсталған болатын. Бірақ, зерттеу-сарапатама қорытындысы бойынша қыздардың зорланбағаны анықталған.