11:50, 20 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Үндістанда екі пойыз соқтығысып қалды
АСТАНА. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат - Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында екі пойыздың қақтығысуы салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза тауып,

18 адам жарақаттанды. Екі вагон толықтай жойылып кеткен, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 04.30-де елдің астанасы Нью-Дели қаласынан 400 шақырымдай жердегі Бадарвас стансысында орын алған. Апат орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұл соңғы екі ай ішінде пойыздардың соқтығысуынан орын алған Үндістандағы екінші ірі апат.