Үндістанда екі тікұшақ соқтығысты
АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Үндістан әскери-әуе күштерінің екі тікұшағы елдің батысындағы Гуджарат штатының аумағында әуеде соқтығысты, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
Журналистердің мәліметтеріне қарағанда, Ми-17 тікұшақтары әуеде бірлескен іс-қимылдарды пысықтауы қажет болған. Олардың әрқайсысында төрт адамнан болған, бәрі де қазаға ұшырады. Алдын ала ақпарат бойынша, жерде ешкім зардап шекпеген. Өкімет орындары оқиғаның мән-жайын анықтауда.