Үндістанда екі жолаушылар пойызы соқтығысып қалды
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Үндістанның Батыс Бенгалия штатында екі жолаушылар пойызы соқтығысып қалып, оқиға салдарынан ең кем дегенде 3 адам қаза болды, тағы 200-дей адам жараланды.
Бұл туралы шетелдік басылымдар жергілікті өкіметтің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлауда.
Utro.ru сайтының ақпараты бойынша, апат Калькуттаның солтүстігіне қарай 350 шақырым жерде болған. Бангалорға бара жатқан жүрдек пойыз жергілікті жолаушылар пойызына барып соғысқан, соның салдарынан экспрестің бірнеше вагоны рельстен шығып кеткен.