Үндістанда ең арзан машинадан ең қымбат көлік жасап шығарды

Нәтижесінде негізгі бағасы 2,5 мың долларға бағаланатын модельдің құны енді 4 млн. 680 мың АҚШ долларына жетіп отыр, деп жазады ИнтерНовости.
Хабарланғандай, әлемдегі ең қымбат көлік 80 келі 22 караттық алтынмен, 15 келі күміспен қапталып, 10 мың бағалы және жартылай бағалы тастармен көмкерілген.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан үш жыл бұрын ғана Үндістанның «халық автомобилі» ретінде шыққан Nano бастапқыда орта деңгейлі үндістандықтарға арналған болатын. Шығарылымның алғашқы кезеңінде кезекке тұрғандардың саны 100 мың адамға жетті. Алайда ағымдағы жылдың тамыз айында The Financial Times газетінің мәліметтері бойынша, компания 1202 автокөлікті жасап шығарды, ол жоспардағыдан сегіз есе кем.
Бұл сәтсіздіктерге аса арзан аз литрлі көліктің қауіпсіздік кепілдігі себеп болып отыр. Бірнеше автомобиль жол ортасында өртеніп, бұл жағдай үндістандық баспасөзде қалың бұқараға тез тарап кетті. Бұдан бөлек, сарапшылар қалыптасқан жағдайға компанияның осал маркетингтік қызметі мен үндістандық автомобиль нарығындағы ретсіздік кінәлі дегенді алға тартуда.