Үндістанда энцефалит ауруының таралуынан 150 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда энцефалит (мидың қабынуы) ауруының таралуы нәтижесінде кемінде 150 адам қаза тапты.

Үндістанда энцефалит ауруының таралуынан 150 адам көз жұмды

«Интерфакс» хабарлағандай, ауру салдарынан Үндістанда екі апта ішінде 60 адам көз жұмған.

Індет себептері әзірге анықталмады. Сарапшылардың пікірінше, ауру Үндістан бойынша 70 млн. баланың өміріне қауіп төндіріп отыр.

Әдетте энцефалит ауруын жаңбырлы маусымда қаптап кететін ұсақ масалар таратады. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Бихар штатында оның таралуы 2005, 2007, 2009 және 2011 жылдары тіркелген. Аурудың әр таралуы жағдайында ондаған балалар ажал құшқан.