11:24, 20 Қазан 2017 | GMT +5
Үндістанда футбол командасы төрешіні қуып жүріп сабады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда әуесқой командалар арасындағы чемпионат аясында өткен матч кезінде командалардың бірінің ойыншысы бас төреші мен қапталдағы арбитрларға шабуыл жасаған.

Оқиғаның видеосын спорт журналисі Шаджи Прабхакаран твиттердегі аккаунтында жариялады.
These players doesn't deserve to play the beautiful game. pic.twitter.com/2Lltw4yulI
— Shaji Prabhakaran (@Shaji4Football) 19 октября 2017 г.
Кездесу кезінде футболшылар арбитрмен және оның көмекшілермен төбелескен. Ойыншылардың бірі бас төрешіні ішінен тепті.
«Бұл адамдар мұндай әдемі ойынды ойнауға лайық емес», - деп жазды журналист әлеуметтік желіге.