Үндістанда газ баллоны жарылып, жеті адам мерт болды
НЬЮ-ДЕЛИ. СИНЬХУА-ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында тұрмыстық газ баллоны жарылып, жеті адам опат болды, тағы жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Екі үйді қиратқан жарылыс Уттар-Прадеш штатының әкімшілік орталығы Лакхнаудан шығысқа қарай 158 км жерде орналасқан Гонда ауданындағы Тикри ауылында болған.
«Кеше кешке бізге цилиндрдің жарылғаны туралы қоңырау түсті. Жарылыс салдарынан тұрғын үйдің төбесі құлаған», - деді БАҚ-қа полицей Сантош Кумар Мишра.
«Біз оқиға орнына бірден жеттік және жергілікті тұрғындардың көмегімен құтқару жұмыстарын жүргіздік. Үйінділер астынан 14 адам шығарылды, олардың жетеуі қаза тапқан, ал тағы жетеуі ауруханада емделуде», - деді ол.
Оның айтуынша, мерт болғандардың арасында екі ер адам, екі әйел және үш бала бар.
Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.