Үндістанда газ құбыры жарылып, 13 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда Андхра-Прадеш штаты арқылы өтетін газ құбыры жарылып, өрт шықты. Оның салдарынан кемінде 13 адам қаза тапты, деп хабарлады РИА «Новости».

Үндістанда газ құбыры жарылып, 13 адам қаза тапты

Құтқарушылар қызметі құрбандарды іздестіруді жалғастыруда. Ондаған үйлер жанып кетті. Билік жақын маңдағы ауыл тұрғындарын шұғыл қауіпсіз жерге көшіре бастады.

Газ құбырындағы өртті ауыздықтау үшін бірнеше сағат кетті.

Жарылыстың неден болғаны белгісіз.

Хабарламалардың біріне қарағанда, ызалы жергілікті тұрғындар жақын маңдағы мұнай өңдеу зауытына шабуылдаған. Олар тас лақтырып, мүлікті зақымдаған.