Үндістанда H3N2 тұмау вирусынан алғашқы өлім тіркелді
АСТАНА. ТАСС-ҚазАқпарат - Үндістанның денсаулық сақтау және отбасы әл-ауқаты министрлігі жұма күні елде А (H3N2) тұмауы вирусын жұқтыру салдарынан бірінші өлім жағдайы тіркелгенін хабарлады. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
1 наурызда оңтүстіктегі Карнатака штатында 87 жастағы науқас қайтыс болды.
Жүргізілген талдау оның өліміне H3N2 вирусы себеп болғанын көрсетті, деп хабарлады PTI агенттігі.
Елдің денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Карнатакада H3N2 инфекциясының белгілері бар науқастарды анықтаудың күшейтілген режимі енгізіліп, індетпен күрес шаралары жүргізіліп жатыр.
А вирусы (H3N2) Гонконг тұмауы деп те аталады. Бұған аурудың 1968-1969 жылдары Гонконгта пандемияға айналуы себеп.
Пандемия екі аптада шарықтау шегіне жетті. Содан кейін вирус бір миллион адамның, негізінен егде жастағы адамдардың өліміне себеп болды.