Үндістанда хирург жеті жасар баланың 80 тісін жұлған - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда сирек және күрделі хирургиялық ота ойдағыдай аяқталды. Онда Вивек есімді жеті жасар баланың 80 тісін жұлды. Бала Индор қаласындағы (Мадхья-Прадеш штаты) Maharaja Yeshwantrao ауруханасына жатты, деп хабарлады NEWSru.com.

Үндістанда хирург жеті жасар баланың 80 тісін жұлған - ВИДЕО

Ота жасауға төрт сағат кетті. Дәрігер Барат Махешвари (Bharat Maheshwari) баланың ауруханаға бес күн бұрын жақ сүйегінің абсцесімен түскенін The Times of India-ға хабарлады. Тексеру барысында оның бір иегінде көптеген артық тістер өскені анықталған.

Дәрігер Анкит Хасгивала (Ankit Khasgiwala): «Егер Вивек отаға келіспеген жағдайда, төрт жылдан кейін оған 200 тісті жұлуға тура келер еді, - деді. Вивекте қазір неше тіс қалғаны хабарланбады. Russia Today телеарнасы ауруханада түсірілген бейнетаспаны таратқан.