Үндістанда храмға бірін-бірі баса кіргендердің 11-і адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда храмға кірер кезінде 11 адам қысылып өлді. Сонымен қатар ондаған жапа шегуші ауруханаға түсті.

Үндістанда храмға бірін-бірі баса кіргендердің 11-і адам ажал құшты

Оқыс оқиға бүгін таңертең болған. Деогарх қаласы индуистердің құлшылық ететін ірі орталықтарының бірі болып есептеледі.

Байдьянатх джьотирлинги (шиваистік храм) қабырғаларының маңына мыңдаған адам жиналды. Қақпа ашылғанда, абыр-сабыр басталып, адамдардың қысылуына соқтырды. Келгендердің барлығы храмға кіруге асыққан. Салдарынан Джаркханд (Үндістанның шығысы) штатындағы Шива храмында кем дегенде 11 адам қаза тапты.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, шамамен 20 адам түрлі жарақат алды.