Үндістанда ірі жол апатынан 11 адам қаза тапты

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні таңертең Үндістанның батысындағы Раджастан штатында микроавтобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан кем дегенде 11 адам қаза тауып, бес адам жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANI агенттігіне сілтеме жасап.

Үндістанда ірі жол апатынан 11 адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы Нагаур ауданындағы автожолда орын алған. Мерт болғандар Мадхья-Прадеш штатындағы индуистік қасиетті жерлерге тәу етіп қайтып келе жатқан.

Полиция болған оқиғаның себептерін анықтап жатыр. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты.