Үндістанда ішімдіктен уланғандардың саны 90 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда контрафактілік алкоголь өнімдерінен уланғандардың саны 90 адамға жетті. Бұл туралы батыс БАҚ-тары хабарлап отыр.

Үндістанда ішімдіктен уланғандардың саны 90 адамға жетті

17 маусымда Мумбайдың шеткі аудандарында тұратын тұрмысы төмен адамдар денсаулықтарына байланысты шағымдана бастаған. Билік көздерінің ақпаратынша, сапасыз ішімдіктен көз жұмғандардың саны 100 адамнан асуы мүмкін.

Ауруханаларда 40-тан астам адам жатыр. Бұл ретте медициналық мекемелерге уланған пациенттер әлі де жеткізілуде.

Улану оқиғасы бойынша контрафактілік спирттік ішімдіктерді шығарып, сатумен айналысқан бес адам қамауға алынған. Заңсыз бизнеспен айналысуға жол беріп, адамдардың өліміне соқтырған селқостық танытқан полицияның сегіз офицері жұмыстан шығарылды.