Үндістанда қар көшкінінен 11 адам қаза болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігінде орналасқан Джамму мен Кашмир штатында қар көшкіні болып, табиғат апатынан 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Hindustan Times газетінің жазуынша, қаза тапқандардың ішінде екі жасар бала да болған екен.
Оқыс оқиға 5 қаңтар күні кешкі уақытта болған. Полицейлердің айтуынша, іздестіру жұмыстарының нәтижесінде екі адам құтқарылған.