Үндістанда қатты дауылдың салдарынан ондаған адам қаза тапты

НЬЮ-ДЕЛИ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат - Үндістанда Колката (бұрынғы атауы - Калькутта) маңайында қатты дауылдың салдарынан ең аз дегенде 20 адам қаза тапты,

Үндістанда   қатты дауылдың  салдарынан   ондаған  адам  қаза тапты
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Табиғат апаты төнген Бангладеш пен Үндістанның солтүстік-шығыс бөлігінен жүздеген мың адам басқа жерлерге көшірілді. Дауыл бұған дейін Бангладеште үлкен лай көшкініне себеп болған «Айла» тропикалық циклонынан туындап отыр. Қазір күші әлсіреген циклон солтүстікке қарай жылжып барады.