Үндістанда қайық аударылып, 10 адам суға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда сәрсенбі күні кешқұрым Маханди өзенінде адамдар шектен тыс көп мінген қайық аударылып, сегіз баланы қосқанда 10 адам суға батып кетті, деп хабарлайды Hindu басылымы.
Газеттің деректеріне қарағанда, 20 адамға есептелген қайық бортында жұртқа танымал Хукитола аралынан серуеннен қайтып келе жатқан 55 адам отырған.
Үш әйел қайыққа бір жағынан мінуге әрекет жасаған кезде ол аударылып кеткен.
Суға батып бара жатқандардың жанұшырған айқайын естіген жергілікті тұрғындар көмекке ұмтылған. Олар адамдардың жағаға шығуына, артынан қаза тапқан тоғыз адамның денесін судан шығаруға көмектесті.