Үндістанда қайық аударылып, 11 турист ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штаты аумағындағы Бенгаль шығанағы жағалауында серуендеп жүрген туристердің қайығы аударылып, тоғыз адам қаза тапты, екеуі із-түзсіз жоғалған.
Мерт болғандардың арасында алты бала бар. Бұл туралы ұлттық NDTV телеарнасы хабарлады.
Туттикорин округінің өрттен құтқару қызметінің деректеріне қарағанда, туристер толы қайық түске таман Ченнаи штатының астанасынан 600 шақырым жердегі Манапади елді мекеніне жақын жерде аударылған. Құтқарылған 19 адамның бірнешеуі ауыр жарақаттанған. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
«Қолда бар деректерге қарағанда, шығанақта серуендеуге Тиручендур қаласынан демалуға келген екі отбасы өтініш білдірген»,-деп мәлім етті округтік коллектор Рави Кумар. -Әзірге жолаушылардың нақты саны белгісіз болып отыр. Өйткені, серуендеуді ұйымдастырушылар - жергілікті балықшылар. Олар жазалаудан қорқып, оқиға орнынан қашып кеткен».
Құтқару операциясы аяқталды. Қылмыстық іс қозғалып, қайық иелеріне іздеу жарияланды.