Үндістанда кеме аударылып, 50 адам із-түзсіз жоғалып кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның Батыс Бенгал штатында Махананда өзенінің дәл ортасында кеме аударылып, салдарынан 7 адам көз жұмды, тағы 50 адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Times of India газетіне сілтеме жасап.

Үндістанда кеме аударылып, 50 адам із-түзсіз жоғалып кетті

Жергілікті билік өкілінің айтуынша, алдын ала мәліметтерге сәйкес, кеменің апатқа ұшырауына тым көп адамды тасымалдауы себеп болған.

«Қазіргі таңда жеті адамның денесі табылды. 50-ден астам адам із-түзсіз жоғалып кетті», - деді штаттың заң шығарушылық жиналысы мүшелерінің бірі.